Автомектепке жазылғандар ақшаларын кері қайтарып алып жатыр. Жүргізуші куәлігін алу үшін екі айлық оқуға тіркелгендер енді үйден-ақ оқып аламыз дейді екен. Бұған шамданған автомектеп басшылары бүгін бас көтерді. Сонымен,  Ішкі істер министрлігінің бастамасынан кейін автомектептер жаппай жабылады ма?  Үйде оқып куәлік алу неге соқтыруы мүмкін?

ӘЛИЯ ӘШІМ, Тілші:

— Әдетте мынадай жүргізуші куәлігін алу үшін, екі жарым ай автомектепте оқисың. Теорияны толық игеріп, жол ережелерін жаттағаннан кейін ғана көлікке отыруға рұқсат. Кейін арнайы автотренажерларда рөл ұстап, практиканы толық меңгересіз.

Бірақ бұл жүйе қазір жоқ, автомектептердегі сыныптар да қаңырап тұр. Себебі, Ішкі істер министрлігі жол ережесін өз бетімен оқуға рұқсат берген бетте  автомектепке жазылғандар ақшаларын қайтарып алған.

ҚАЙЫРГЕЛДІ УТЕВ, Автомектеп директоры:

— Кешегі келген балалар уже айтып жатыр. Ағатай ақшамды қайтып беріңізші, мен неге төлеймін?! Біле ме, жоқ па, білім алады ма, оны ойламайды.

Мектеп басшыларының шамына тиген бұл ғана емес. Олар халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан алу үшін орналастырылатын техникаға сенбейді екен. «Пайданы емес, курсанттар білімін ойлап отырмыз», — деген директорлар жаңа жүйе жемқорлыққа жол ашып береді дейді.

ҚАЙЫРГЕЛДІ УТЕВ, Автомектеп директоры:

— Датчиктермен емтихан алатындар кім? Басқа адамдар, оны ешкім көріп тұрған жоқ. Ол өзіне қалай керек дачтик, солай қояды. Тапсырғаны да, тапсырмағаны да тапсырады ертең. Жемқорлыққа жол ашып беріп отыр. Біздің сана-сезім, технология әлі жеткен жоқ.

Технологияны сынға алған басшылар шешім ақылдаспай қабылданды дейді. «Біз былай тұрайық, халықтан сұраған ешкім жоқ», — деп отыр. Ал халық пікірі әртүрлі.

РУСЛАН ИБРАЕВ, Жүргізуші:

— Жарайды ережені білесің, ал вождениені білмейсің ғой. Ал онда вождение үйретеді, жүргізеді. Оқымаса болмайды, қалай ол үйде? Жүр ғой жастар, правила білмейді, нарушать етеді.

Ал жүргізуші Руслан ережені әкесінен үйренген. Тек оқыды деген қағаз керек болған соң, екі жарым ай үшін 25 мың теңгесін қиыпты.

АЙДЫН АУСАБАЕВ, Жүргізуші:

— Мен, мысалы, оқығанда көп кездері бара алмаймын. Звондай салам, бармаймын. Бірақ правоны алдым. Қазір техника дамыған кез интернеттен-ақ бәрін гуглға кіресің да оқи бересің.

Онлайн оқуға да қарсы басшылар автомектептер жаппай жабылса, Астананың өзінде ғана 500 адам жұмыссыз қалады деп отыр. Ал Қазақстан бойынша нәпақасынан айырылатындар қаншама. Сондықтан елордадағы 44 мектеп басшысы бірігіп премьер-министр кеңсесі, Нұр Отан мен министрлікке «шешімді өзгертсін» деп хат жолдамақ.

Әлия Әшім, Бауыржан Нарымбетов, Қуаныш Омаров

http://www.31.kz/video/show/id/12297/show/ib#sthash.0in426DD.dpuf